• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2021

Ақмола облысына келетін туристерді Ashyq жүйесі бойынша тексеретін болады

173 рет
көрсетілді

Ақмола облысының туристік аймақтарында санитарлық бекеттер пайда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристік объектілердің аумағында КВИ-дің таралуына жол бермеу үшін қонақтарды туристік аймақтарға Ashyq жүйесі бойынша өткізу режимі белгіленеді.

«Қаулыға туристік нысандар бойынша қатаңдату шараларын қолдану жөнінде бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Санитарлық бекеттер орнатылып, термометрия мен сауалнама жүргізу режимі орнатылады. Сондай-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар туристік аймақтардың аумағына кірмеуі үшін Ashyq бағдарламасы бойынша әрбір кірушінің мәртебесін тексеру жоспарлануда», деп хабарлады брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ashyq жүйесі бойынша облыста 589 нысан жұмыс істейді. Жүйеге қосылуға 680 нысан өтінім берді. QR-кодтар бойынша адамдар ең көп баратын 16 ұйым белгіленді. Ал QR-код бойынша келушілердің нөлдік саны бар 20 қатысушы Ashyq жобасынан екі аптаға шығарылды. Олар келушілерді үш күннен артық тексермеген.

Ashyq көмегімен өңірде «қызыл» мәртебесі бар 51 адам, «сары» мәртебесі бар 89 адам анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар бес бұзушыға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.