• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтан маңындағы жол апатында полиция қызметкері қаза тапты

630 рет
көрсетілді

Полиция қызметкері Нұр-Сұлтан маңындағы жол апатынан қаза тапты. Бұл ақпаратты елордалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 5 шілдеде сағат 00.24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кентінің ауданында орын алды. 

«30 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігі аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкері болған 35 жастағы жолаушы  оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу жүргізілуде», деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі марқұмның Сарыарқа ауданының қылмыстық іздеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істегенін хабарлады. Көлікті жүргізіп келе жатқан адам да полиция қызметкері екені белгілі болды.