Белгілі ресейлік дәрігер Денис Проценко жоғары атмосфералық температурамен байланысты асқынулар коронавирус жұқтырған науқастар үшін, әсіресе егде жастағы адамдар үшін айтулы зардаптарға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ыстық ауа райы COVID-19 әсерін күшейтеді және 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар науқастарға ауыр тиеді.
Ыстық пен ковидтің қатар келуі қауіпті. Ыстықтың салдарынан болған асқынулар ауыр жағдайларға және егде жастағы науқастардың қаза табуына әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіп факторларын азайту үшін міндетті түрде вакцина алу керек», деп атап өтті Проценко.
Қазіргі кезде адамдар аурудың орташа ауыртпалығымен түсуде, алайда ыстық ауа райы ағзаның құрғауы және тромбоз қаупін төндіріп, науқастардың жағдайы күрт нашарлауы мүмкін.