• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2021

Шомылу маусымында коронавирус жұқтыру мүмкін бе?

326 рет
көрсетілді

Ашық су айдындарында шомылып жүрген адамның коронавирус жұқтыруы қаншалықты мүмкін? Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетоваға орталық коммуникациялар қызметінде осындай сауал қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда коронавирустың су қабылдау жолдары арқылы жұғатыны анықталмаған. Яғни, коронавирус су арқылы берілмейді. Бірақ сонымен бірге, сіздердің назарларыңызды дәл сол су қоймаларында, егер ара қашық сақталмаса, жаппай адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі бар екеніне аударғым келеді. Өйткені коронавирус ауа арқылы таралады. Науқас адам ұсақ ауа тамшыларын шығарады. Бөлшектердің мөлшеріне байланысты ауа көпіршігі ұзақ уақыт ауада қалықтап жүруі мүмкін. Бір шаршы метр аумаққа тым көп адам жиналған жағдайда жұқтыру факторы көбейіді»,  деді Айжан Есмағамбетова.