• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Шілде, 2021

Бір аптада 1,6 мың бала коронавирус жұқтырған

324 рет
көрсетілді

Шілде айының басынан бері елімізде 1682 бала коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова осындай статистика келтірді.

«Балалар туралы айтсақ, қаңтар айынан бері 28 267 бала коронавируспен ауырған. Оның ішінде 54 жаңа туған нәресте бар. Шілденің 7 күнінде 1 682 баланың вирус жұқтырғаны тіркелді. Яғни, шілденің ғана мәліметі балалар арасында сырқаттанудың үлесі артқанын айтуға болады. Бүгінде балалар COVID-19-бен жыл басындағыдан жиірек, былтырғыдан әлдеқайда жиірек ауырып жатыр. Бірақ балалардың 84 пайызы ауруды жеңіл, симптомсыз формада өткеріп жатқанын айту керек. Ал 16 пайызы орта ауыр дәрежеде өткеріп жатыр»,  деді комитет басшысы.

Айнаш Есмағамбетова балалар арасында вирус жұқтырудың жиілеуі ересектердің баяу вакцина алып жатқанымен тікелей байланысты екенін айтты.

«Шынымен де ересектер балаларға қажет ұжымдық иммунитет қалыптастыра алмады деп айтуға болады. Өйткені ұжымдық иммунитетке қажет 60 пайыздық үлес Қазақстан халқының ересектерінің санымен шамалас. 18-ге толмаған, вакцина алмайтын балалардың саны шамамен – 6 млн. Яғни 60 пайыздық ұжымдық иммунитет қалыптастырып, балаларымызды қорғау үшін барлық ересектер екпе алуы керек. Өйткені балалар мен жүкті адамдарға екпе алуға болмайды. Осы санат біз үшін тәуекел тобы болып отыр. Ересектер вакцина алу арқылы екпе алуға болмайтын адамдарды аурудан қорғауы керек», деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы.