Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы – 67 жас.
«Соңғы он күнде өңірде өлім көрсеткіші 50%-ға өсті. Ал жыл басынан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 160 адам қайтыс болды. Олардың дені – созылмалы ауруы бар егде жастағы адамдар», дейді Қайсар Абдалиев.