• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Шілде, 2021

Асхат Оралов ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды

360 рет
көрсетілді

Асхат Оралов Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Асхат Ораловтың қызметтен босауы басқа жұмысқа ауысумен байланысты.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар университетінің филиалын бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік-тәрбие жұмысы Департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Нұр Отан» партиясының филиалында, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде қызмет атқарды.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.