• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Шілде, 2021

Алматы стационарларында 5 мыңнан астам төсек-орын дайындалды

193 рет
көрсетілді

Алматы қаласының инфекциялық стационарларында 5 060 төсек-орын бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, бүгінде жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 1 724 науқас жатыр, оның 143 бала.

«Алматы 12 стационарында 5 060 төсек-орын қамтылған. Қазіргі уақытта оның 34%-ы бос емес. «Дельта» – штаммы өте қауіпті. Науқастарды емдеу кезінде инфекция салдарынан ағзаның қандай мүшелері зақымданатыны ескеріледі. Бүйрек жиірек зақымданады», деді Алматының бас дәрігері.

Нариман Табынбаев қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырады.

Айта кетсек, Алматы қаласында 212 вакцина пунктерінде 1 260 адам жұмылдырып, 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.