12 шілде күні сағат 18:00 шамасында Ақсый ауданында нөсер жаңбыр салдарынан екі үйдің ауласы мен Жаны-Жол ауылындағы жайылымға апаратын ішкі жол су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ хабарлағандай, Ақ-Жол ауылында, Жолборсту ауылында жолдар мен көпірлер бүлінген. Таштақ ауылында екі баланы ағын су ағызып кетті.
Жалпы, сел тасқыны 8 адамның өмірін қиды, оның 6-ауы табылды. Қалғандарын (екі баланы) іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Бүгін іздестіру жұмыстарына Қырғыз Республикасының ТЖМ 20 құтқарушысы, Ақсый ауданынан 6 құтқарушы, 7 милиция қызметкері және 40 жергілікті тұрғын тартылды.