• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2021

Алматыда Желтоқсан көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

305 рет
көрсетілді

Алматыда Желтоқсан көшесі бір түнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«13 шілде кешкі сағат 21:00-ден 14 шілде таңғы сағат 9:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесі бойымен батыс бағытта Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерін жөндеуге байланысты енгізіліп отыр. Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар