• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2021

Қазақстанда ет экспортына тыйым салынуы мүмкін

430 рет
көрсетілді

Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов ет өнімдерін экспорттау туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2020 жылы ірі қара мал еті 9 млн долларға экспортталды, жалпы көлемі – 2,7 мың тонна. Жыл басынан бергі 4 айда экспорт көлемі 9,4 млн долларға 2,6 мың тонна етті құрады. Импорт көлемі былтыр 4 айда 35 млн доллар болса, биыл 21 млн долларды құраған, яғни 41% төмендеді. Бұл көрсеткіштер экспорт көлемі артып, импорт көлемі азайып жатқанын көрсетеді», деді министр.

Сонымен бірге министр «Қуаңшылықтан кейін күзде ет тапшылығы болмауы үшін министрлік не істеп жатыр?» деген сұраққа жауап берді.

«Әрине, ет болсын, басқа өнім болсын, өндіру көлемі ең бірінші өз халқымызды қамтамасыз етуі керек. Әрі қарай экспортқа мүмкіндік болса, оны да қолдауымыз керек. Өйткені, бұл валюталық кіріс болады, шаруаларға, фермерлерге жақсы табыс алып келеді. Өз елімізде ет көлемі немесе басқа да тауар тапшылығы болса, экспортты шектейтін арнайы инструмент қарастырылған. Ол үшін ведомствоаралық комиссия құрылған, олар тапшылық байқалған кезде тиісті шешім қабылдайтын болады», деді Б. Сұлтанов.