• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Шілде, 2021

8 мыңнан астам азаматқа қандас мәртебесі берілді

310 рет
көрсетілді

2021 жылдың басынан бері 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) - Өзбекстаннан, 10,4% - ҚХР-дан, 7% - Түркіменстаннан, 2,5% - Моңғолиядан және 4,5% - басқа елдерден келгендер. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.

1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар үлесі - 55,5%, еңбекке қабілетті жастан кішілер - 25,3% және зейнеткерлер 19,2% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ының жоғары, 39,3%-ының орта кәсіби, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар және 3,9%-ының білімі жоқ.