• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Шілде, 2021

Атырауда 55 науқас реанимацияда жатыр

335 рет
көрсетілді

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 55 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгінгі күні инфекциялық стационарда 824 адам ем қабылдап жатқанын хабарлады.

2428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационар қазір 33,9%-ға толтырылған. Ал 180 орынға есептелген реанимация бөлімшесінде 55 пациент бар.

«Алты науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Олардың толымдылығы 50,9%-ға жетті», деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, эпидемиялогиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан.