Америка Құрама Штаттары мен Германия «Вашингтон декларациясында» бекітілген жалпы қағидаттарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы РИА Новости агенттігінің сайтында жазылды.
Декларация мәтінін Ақ үй АҚШ президенті Джо Байден мен Германия канцлері Ангела Меркельдің келіссөздерінен кейін таратты.
Вашингтон мен Берлин «ашық әлемді» қорғауға ниетті.
«Дүние жүзінде барлық мемлекеттер өздерінің саяси құрылымын анықтауда өзге елдің араласуынан, мәжбүрлеуінен немесе сыртқы мемлекеттердің үстемдігінен ада болуы керек», дейді АҚШ пен Германия өкілдері.
Олар сондай-ақ «тұтас, еркін және бейбіт Еуропа» үшін күресуге, НАТО-ны қолдауға және қолданыстағы одақтар мен серіктестіктерді дамытуға уәде берді.