Қазақстан AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен препаратты Қазақстанға алдыру туралы келіссөздерді қайта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Бірқатар ел белгілі бір вакциналарды салдырған саяхатшылар үшін ғана шекарасын ашқандықтан, қазақстандықтар үшін саяхаттауға болатын елдер қатары айтарлықтай шектелді. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның төрт түрі қолжетімді: «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник-V), «QazCovid-In» (QazVac), «Hayat-Vax» және «КоронаВак».
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, шетелдік COVID-19-ға қарсы вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қазақстандықтарды «Pfizer», «AstraZeneca», «Moderna» және «Johnson&Johnson» препараттарымен вакциналауға бюджет қаражатын бөлу мәселесі уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін қаралады», деп нақтылады ведомстводағылар.