• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2021

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

330 рет
көрсетілді

Алматының мобильділік басқармасы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының мобильділік басқармасы өкілі қала тұрғындарының қоғамдық көлік жұмысына қатысты қойып жатқан сұрағына қаладағы автобустар, троллейбустар, метро штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Қарбалас уақытта автобустар саны көбейтіледі, ал соңғы аялдамада салондар дезинфекциялық құралдармен өңделеді.

Жолаушылар әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтап, жолаушылар мен жүргізушілер бетперде киюге тиіс. Қоғамдық көлік осындай талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.