• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2021

Бекшин эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

537 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы «қызыл» аймақта. Осыған орай Құрбан айт мерекесіне арналған барлық іс-шара онлайн форматта өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Науқастар санының өсуіне мутацияланған «дельта» штамы әсер етуде.

«15 шілдеде коронавирус инфекциясының 885 жағдайы тіркелді. Оның 780-і симптомсыз және 105-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 2 292 адам, оның ішінде 181 бала жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 132 науқас бар. Сондай-ақ 27 – ӨЖЖ, 39 - инвазивті емес ӨЖЖ, 61 High flow аппараты қосылған. Бүгінде үйде БМСК және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 4 326 науқас бар, симптомды жеңіл және орташа дәрежесі бар - 3958, ал симптомсыз – 368 адам бар», деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол Құрбан айт мерекесі биыл онлайн форматта өтетінін жеткізді.

«Қалада коронавирус инфекциясының күрт өршуіне байланысты адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй мен медреселерде айт намазын өткізуге тыйым салынады», деді Жандарбек Бекшин.