Биыл Арыс қаласында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін «ҚаратауТрансСервис» ЖШС зауыты жұмысын бастайды, деп жазады Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Жобаның жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайды. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2118,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 млн теңгеге өсті.
Бұл туралы қала әкімі Гүлжан Құрманбекова брифингте мәлімдеді.