• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Шілде, 2021

Атырауда жансақтау бөліміндегі науқастар саны көбейді

202 рет
көрсетілді

Атырауда қауіпті вирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен науқастар саны көбейді. Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жансақтау бөліміндегі науқастар саны 63-ке жеткен, деп жазады Egemen.kz.

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 2 632 төсек-орын бар. Қазір стационарларда 1 013 науқас оқшауланып, мұндағы жүктеме 38,4%-ды құрады. Ал, жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 63 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 науқастың өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл бөлімдегі 113 төсек-орынның жүктемесі 55,7 %-ға жетті», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.