• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Шілде, 2021

Қытайда маймыл вирусынан бір адам қайтыс болды

1034 рет
көрсетілді

Бейжіңде 53 жастағы ветеринар эксперименттік зерттеу жұмысы аясында екі өлі маймылдың аутопсиясын жасаған. Арада бір ай уақыт өткен соң, осы жылдың сәуірінде, оның бойында жүрек айну, құсу және қызу белгілері пайда болған көрінеді. Ал 27 мамырда ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Global Times басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында қайтыс болған адамның маймыл вирусын (BV) жұқтырғаны расталған. Бірақ ветеринарға жақын адамдарды тестілеу кезінде маймыл вирусы анықталған жоқ.

Маймыл вирусы алғаш рет 1932 жылы анықталды. Вирус маймылмен тікелей байланыс кезінде немесе дене секрециялары арқылы берілуі мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін Қытайда осы вирустың салдарынан өлім-жітім немесе клиникалық расталған инфекциялар тіркемеген.