• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Шілде, 2021

Коронавирусқа қатысты 5 мыңнан астам күдікті сайт табылды

225 рет
көрсетілді

«Касперский зертханасы» пандемия басталғалы бері алаяқтар отыратын 5 мыңнан астам сайтты анықтаған, деп жазады Egemen.kz. 

«Онда коронавирусқа қатысты қызметтер ұсынылады. Сонымен қатар компания сайтқа адам тарту үшін жасалатын 1 миллионнан астам фишингтің алдын алды. Алаяқтардың ішінде вакцинация кезінде берілетін төлем, жеңілдікпен ПТР-тест тапсыру сынды қызметті ұсынушылар көп. Жақында көпшілік жүретін ғимараттарға еш кедергісіз кіру үшін жалған QR-кодтың жарнамасы танымал бола бастады», деп жазылған компания хабарламасында. 

Сарапшылардың айтуынша, коронавирусқа байланысты осындай алаяқтық әрекеттер наурыз айында көп тіркелген. Кейін саны азайғаны байқалған.

«Маусым айында қайта жанданды. Осы айда компания алдыңғы айға қарағанда 14%-ға көп фишингтік ресурстарды анықтап, бұғаттады. Алаяқтардың мақсаты - пайдаланушы туралы мәлімет алу.  Олар бұл үшін фишинг әдісін жиі қолданады, яғни адамдарға түрлі сілтеме жіберіп, жеке ақпарат пен банк карточкаларының деректерін жазуды сұрайды. Мұндай ақпаратты есепшоттардан ақша ұрлау үшін қолдана алады. Біздің  зерттеуіміз бойынша, қазақстандықтар интернеттегі алаяқтардан айтарлықтай зардап шегеді. Алаяқтар да адам тарту үшін қазіргі кездегі ең ауыр тақырыпты, коронавирусты, пайдаланып жатыр», дейді «Касперский зертханасының» Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.