Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі жұмыс кеңесінде вакцинация паспорттарын қолдан жасағандарға қатаң жаза қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе – жалған вакцинация паспорты. Бұл жағымсыз құбылыстың таралуымен байланысты кез келген әрекетті тез арада тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, оны жалғастыру керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Ішкі істер министрлігі жанынан қоғам өкілдері мен халықтан ақпарат алып, өңдейтін ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды.
«Вакцинация төлқұжаттарын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын. Мен бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтерген едім. Әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр», деді Президент отырыс барысында.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізіп жатыр.