• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Шілде, 2021

Компания уәдесін орындады

312 рет
көрсетілді

Өткен аптада еріктілер Маңғыстау облысындағы мал азығына мұқтаж аудандарға шөп жеткізуге көмектесуді сұрап, әлеуметтік желілер арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына жүгінген. Бұл уақытқа дейін жергілікті жүк жөнелтушілердің күшімен 9 шілде күні Арыстанға екі вагон шөп жіберілген.

12 шілдеде Ұлттық компания мен «Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» ҰҚ» АҚ еншілес мекемесі) басшылығының тапсырмасы бойынша тез арада вагондар қарастырылып, жеке экспедитор компаниялардың қаржылай қолдауымен шөп тиелген 5 вагон батыс өңірге жіберілді.

Іле еріктілер шөп таситын вагондар санын көбейту жө­нінде тағы да ұсыныс жасады.

2021 жылдың 16 шілдесіне дейінгі шұғыл ақпарат бойынша серіктестер «Шынгар Транс» ЖШС, «Проммаш KZ» ЖШС, Integra Construction KZ ЖШС, «Бастау Транс»ЖШС қар­жылай қол­дауы­мен Арыс және Сарыағаш стансаларынан батысқа 10 вагон жөнелтілді. Тағы 30 вагонға қосымша өтініш түсті. Вагонға деген сұраныс әлі де көбеюі мүмкін.    

Күрделі жағдайды ескере отырып, Ұлттық компания вагондар мен локомотивті қоса алғанда, еріктілер жинаған шөпті тегін тасымалдау туралы шешім шығарды. Бұл жеңілдік шектеулі уақыт­қа дейін күшінде болады. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰҚ» магистралдық желілердің монополиялық қызмет та­рифі жеңілдіксіз толық төлену­ге тиіс екенін еске салады. Жалпы есептегенде еріктілер тасымал қашықтығына қарай, бір вагонға 102-ден 120 мың теңгеге дейін төлеуге тиіс.

Жүкті жіберуші мен қабылдап алушыға дейінгі тасымалды ұйымдастыруды «Қазтеміртранс» АҚ экспе­диторлық қызмет төлемінсіз міндетіне алып отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

 

«Егемен-ақпарат»