• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2021

Шымкентте демеушілер есебінен 10 «Smart аялдама» салынады

324 рет
көрсетілді

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге жаңа аялдамалар салынады, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа үлгідегі  аялдамалар демеушілер  тарапынан пайдалануға беріледі.

Осыған орай Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау. 

«Ақылды» қала атанудың алғышарты – қауіпсіздік. Сондықтан қоғамдық орындарды жіті қадағалау мақсатында аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады. 

Сондай-ақ жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын кондиционер мен wifi, телефон қуаттағыш құрылғысы, маршруттардың бағытын көрсететін жол картасы да қойылады. 

Жаңа үлгідегі аялдамалар алдағы айда халық игілігіне беріледі деп жоспарлануда.