• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Шілде, 2021

Токио Олимпиадасына қатысатын дзюдошыларымыздың алғашқы қарсыластары анықталды

223 рет
көрсетілді

Дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі аяқталып, қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортшыларымыздың қарсыластары «сен тұр, мен атайындар»:

60 килода сынға түсетін Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М.Аққұс (Түркия) пен Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.

66 кило салмақта татамиге шығатын Ерлан Серікжановтың алғашқы қарсыласы – әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, әзербайжандық Орхан Сафаров.

73 кило салмақ дәрежесіндегі Жансай Смағұловтың жағдайы да мәз емес. Оның қарсыласы – Фердинанд Карапетян. Армениялық спортшы 2018 жылы Еуропа чемпионы атанған.

81 кило салмақтағы Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесуде әлем чемпионы Саид Моллаимен жолығады.

90 кило салмақта белдесетін Ислам Бозбаев алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, әзербайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

48 кило салмақта әйелдер арасында Қазақстан атынан жалғыз өзі сынға түсетін Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы Азияның екі дүркін жеңімпазы, қытайлық Ли Янянь болмақ.