• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2021

Шу қаласының екі тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

352 рет
көрсетілді

Полиция Шу қаласының тұрғындарынан 300 мың доза есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының 27 және 61 жастағы жергілікті тұрғындарын ұстады. Тінту жұмыстары барысында жалпы салмағы 30 келіге жуық «марихуана» есірткі заты табылды. Тәркіленген заттың дозасы 300 мыңнан асады. Қара нарықта мұндай есірткі мөлшерінің құны - шамамен үш миллион теңгені құрайды.

«ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған», деді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.