• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Шілде, 2021

СҚО-да синтетикалық есірткі сатушы ұсталды

332 рет
көрсетілді

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Петропавлда 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның синтетикалық есірткіні жасырып кету әдісі арқылы таратқаны белгілі болып отыр. Ұстаған кезде одан ақ ұнтақ тәрізді 9 түйіншек алынды. Тағы 16 түйіншек күдікті көрсеткен жасырылған жерлерден және 3-уі жалға алған пәтерден шықты.

Сонымен қатар пәтерден есірткіні бөліп салатын құралдар да табылды, атап айтқанда, грамдық таразы, өлшеуіш қасық, буып түйетін материал (зиполктар, оқшаулау таспасы) алынған. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, есірткі сатылымын жазалайтын ҚК 297-бабы бойынша айыпталатын болады.

«Сараптаманың қорытындысына қарағанда алынған зат «мефедрон» деген атпен белгілі қазіргі таңдағы аса қауіпті есірткі болып табылады. Тәркіленген заттың жалпы салмағы — 49,15 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Қарапайым есеп бойынша одан бір рет пайдалануға болатын 800 дозаны алуға болады. Қазір осындай синтетикалық есірткіні таратуға қарсы күреске ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері басқа қалалардың тұрғынын ұстаудың төртінші жағдайы тіркеліп отыр», дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.