Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.