• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Саясат 23 Шілде, 2021

43 мың тонна жанар-жағармай бөлінеді

200 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен мал азығын дайындау мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министр­лігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министр­лігінің ұсынысы бойынша Үкімет шөп шабу науқанына арзан­датылған жанар-жағар­май материалдарының қосым­ша көлемін бөлуге облыс әкім­діктерінің өтінімдерін мақұл­дау туралы шешім қабылда­ды. Осы аптада өңірлерге жанар-жағармай жеткізу кес­тесін бекіту жоспарлануда. Облыс әкімдіктеріне фермерлерге 43,6 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай жеткізуді бақылау тапсырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2021 жылдың 31 шіл­десіне дейін шөп тасымалдау үшін республиканың барлық аумағын­да уақытша жеңілдіктер ұсын­ды. Тасымалдау құны 77%-ға тө­мен­детілді. Бұл шара батыс өңір­­лерге қосымша мал азығын жыл­­дам жеткізуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында мал және құс шаруашылықтары үшін жемшөп қорын қалыптастыру мақсатында жемдік астықты қосымша сатып алу туралы ұсы­ныс қаралды. Қазір қар­жы­ландыру көздері туралы мәселе зерттелуде.

Шағын және орта фермер­лік шаруашылықтарда жемшөп өндірісін ынталандыру мақ­сатында фермерлерге жемшөп дайындау техникасы мен суа­рудың ұтқыр жүйелерін сатып алу үшін «Бәйтерек» хол­дингіне қосымша қаржы­ландырудың тетіктерін әзірлеу тапсырылды.

Өңірлердің әкімдіктеріне мал азығы бағасының қолжетімді болуын тұрақты бақылау және ауыл шаруашылығы өндіру­шілерімен және құрама жем кәсіп­орындарымен жемді қол­жетімді бағамен сату туралы меморандум жасасу тапсырылды.