• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Шілде, 2021

Үздіктер қатарынан көрінуіміз керек

205 рет
көрсетілді

Велоспорттан Қазақстан командасының бас бапкері Асан Базаев Токио Олимпиадасындағы жарыс жолына баға беріп, алдағы мақсат-жоспарымен бөлісті.

– Алексей Луценко қазір нағыз бабында. «Тур де Франс» додасында алғашқы жетілікке кірді. Аталған жарыстан соң Дми­трий Груздев де жақсы бабына енді. Вадим Пронский соңғы екі аптада биік тауда жат­тығу өткізді, өзін өте жақсы се­зінуде. Олардың ең негізгі мін­деті – Алексейдің соңғы елу шақырымда өзгелерден алға қарай суырылып шығуына мейлінше жағдай жасау, – деген А.Базаев жеңіске жету үшін спортшыларға не істеу ке­рек екенін айтты. – Жарыс өте қиын жағдайда өтеді. Оның үстіне, күн райы да 32 градус­тан жоғары болмақ. Жаңбыр мен ыл­ғалдылық та жағдайды қи­ындата түсетіні бар. Десе де, Алексейдің мүмкіндігі жоғары деп есептеймін. Жалпы, рельеф бойынша жарыс Луценконың ыңғайына келеді. Тек 115-ші шақырымда басталатын 15 шақы­рымдық тау жолы қиындық туғызуы мүмкін. Одан кейінгі биік жерлер алты шақырымнан аспайды. Мақсатымыз – үздіктер қатарынан көріну.

Естеріңізге сала кетейік, велоспорттан Қазақстан құрамасы 24 шілде күні тас жолдағы топтық сайысқа қатысады.