Хабаровск өлкесіндегі Калинка ауылының маңында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлады Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
Облыстың ТЖМ ММ Калинка ауылының маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған болатын. Оқиға орнына жедел құтқару тобы аттанды.
«Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы біреуі дене жарақаттарын алды. Зардап шегуші №2 облыстық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады БКДҚ.
Жеңіл моторлы ұшақ ұшу-қону жолағынан тыс Калинка аэродромынан ұшып бара жатқанда құлағаны белгілі болды.
Хабаровск өлкесінің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 40 жастағы әйел зардап шекті. Оның екі аяғы сынған. Жағдайы ауыр.