• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2021

Ақтөбеде бір күнде үш адам суға кетті

466 рет
көрсетілді

25 шілде күні Ақтөбе облысында үш адам суға кетті деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақтөбе су қоймасында балық аулауға шыққан  төрт адам мінген моторлы қайық аударылып, бір адам суға кетіп, үш балықшы өз беттерімен жағаға шыққан. Жедел құтқару отряды хабар түскен бойы іздестіру жұмысын жүргізіп, 3 метр тереңдіктен 46 жастағы балықшының денесін алып шықты.

Бүгін түскі сағат 13.45-те рұқсат шомылуға етілмеген жерде суға түскен 1976 жылы туған азамат қайтыс болды. Алдын ала берілген мәлімет бойынша марқұмның  ішімдік ішіп суға түскені анықталды. Бүгін тағы да Мәртөк ауданы аумағындағы  Елек өзені бойында рұқсат етілмеген жерде шомылған 18 жастағы қыз суға тұншығып қайтыс болды. Облыстық ТД департаменті тұрғындардан өзен-көлдерде сақтық ережелерін сақтауға шақырады. Ақтөбе облысының 9 шілдеден бастап «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты жағажайлар қызметіне тыйым салынған болатын. Тұрғындар соған қарамастан өзен бойындағы кез келген жерде суға түсуден тыйылар емес.