• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Шілде, 2021

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді

603 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен астаналық еріктілер «Жүректен жүрекке» акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жүректен жүрекке» акциясында көпшіліктің, еріктілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және жалғызбасты жандарға материалдық көмек көрсетіледі. Азық-түлік себеттерінде балаларға арналған тәттілер, отбасыға қажетті дүниелер салынған. Біздің мақсатымыз – олардың материалдық жағдайын түбегейлі өзгертпесек те, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аз да болса жақсы көңіл-күй әрі қуаныш сыйлау», дейді акцияны ұйымдастырушы Алпамыс Шаримов.

Қайырымдылық акциясында 100 белсенді жас әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 100 отбасыға сыйлыққа толы қорапша таратты.

Айта кетейік, елорда әкімдігінің бастамасымен Нұр-Сұлтанда соңғы жарты жыл «Қайырымды істер» ұранымен өтіп жатыр. «Игі істер» марафоны аясында еріктілер, әкімдік қызметкерлері, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, бизнесмендер мұқтаж азаматтарға, яғни көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлерге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты. Оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілді.

Сол сияқты жақында Құрбан айт мерекесі күндері мыңдаған отбасыға құрбандық еті үлестірілді.

«Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері елордада 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара жүзеге асырылды. Атаулы әлеуметтік көмек пен қолдау 66 мыңнан астам адамға көрсетілді.