• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2021

Түркістан облысында жалған медициналық анықтама жасаған үш адам ұсталды

291 рет
көрсетілді

ҚР ІІМ коронавирус инфекциясына байланысты жалған құжат пен анықтама жасаушыларды анықтау мәселесі бойынша көлемді жұмыс атқарып жатыр. Бұл туралы ІІМ апталық брифингінде министрліктің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ІІМ  Әскери тергеу басқарамасы Түрксітан облысында жалған медициналық анықтама жасаған үш тұрғынды анықтады. Сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан өтушілерге жалған медициналық анықтама жасап берген Сарыағаш аудандық ауруханасының медбикесі ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, ол Қазақстандағы аурухананың шақырту қағазын 3000-8000 теңге аралағында жасап берген. Күдіктінің үйі мен жұмыс орнын тінту барысында алдын ала мөр басылған 1266 медицина бланкасы табылды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

«Жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы, ал жалған құжатты қолданғандар үшін 40 тәулікке қамау қарастырылған», деп ескертеді ІІМ өкілі.