Өткен жексенбіде болған ауыл әкімдерінің сайлауында 730 орынға 2000-нан астам кандидат болды. Бұл орташа есеппен бір сайлау округіне үш кандидаттан болғанын білдіреді. Бірқатар себеп бойынша ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу – қазақстандықтардың қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мақсатындағы үлкен қадам.
Біріншіден, бәсекеге қабілетті және ашық сайлау жергілікті мәселелермен таныс және оны шешудің кілтін таба алатын құзыретті және жауапты кандидаттарды әкім лауазымына сайлауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, сайланған әкімдер жергілікті халықтың сенімін ақтауға бар күшін салады. Ауыл тұрғындарымен қарым-қатынастың тиімділігі әкімдерді электораттық қолдаудың кейінгі деңгейінде тікелей көрініс табатын болады.
Үшіншіден, ауыл әкімдерінің тікелей сайлауының енгізілуімен елді мекендерде жергілікті биліктің іс-әрекетіне қоғамдық бақылау құралы пайда болады. Ауыл тұрғындары өздері тұратын мекеннің өзекті мәселелерін талқылауға қатысуға және әкімдерден сайлау алдындағы уәделерінің орындалуын талап етуге мүмкіндік алады.
Тұтастай алғанда, ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізу жергілікті жерлердегі басқарушылардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардың рөлін күшейтуге ықпал ететін болады. Ауыл әкімдерін сайлау атқарушы биліктің жоғары деңгейлерінде осындай сайлау өткізуге негіз қалайды.
Слямжар АХМЕТЖАРОВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері