• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Шілде, 2021

Ағасы да, қарындасы да чемпион атанды

914 рет
көрсетілді

Токио ойындарында Олимпиада тарихында бұрын-соңды болмаған ерекше оқиға болды. Жарыстың екінші күні дзюдодан ағалы-қарындасты Хифуми Абэ мен Ута Абэ күллі Күншығыс елінің абыройын асырды.

Дзюдодан қыздар арасында сынға түскен Ута Абэ 52 килода топ жарса, 66 килода сынға түскен оның ағасы Хифуми Абэ Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, бір күнде бір үйден екі бірдей чемпион шықты. Жаһанды таңғалдырудан жапондар әсте шаршамайды-ақ.