Пандемия басталғаннан бері әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес COVID-19 расталған жағдайлардың саны 194 080 019-ға жетті.
ДДҰ сайтында хабарланғандай, бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияны тіркеу фактілерінің жалпы саны 422 294 жағдайға артты. «Бұл өте қауіпті тенденция», дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.