Кансай университеті ойындарды көрерменсіз өткізу туралы шешімге байланысты Жапонияға келген шығындарды есептеді.
Жанкүйерлерді жарыстарға жіберуден бас тартудың тікелей шығындары 16 млрд долларға бағаланады. Оның ішінде 6,5 млрд доллар тікелей ойын кезінде, ал 9,5 млрд доллар – жарыстан кейінгі шығындар, деп хабарлады РИА Новости.