Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездескен болатын.
Жекпе-жекте Теміржанов 0:5 есебімен қарсыласқа жол беріп, Токио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.
«Қолымнан келгенше тырыстым, әлім жетпеді. Бар күшімді салдым. Не істей аламын, соның бәрін жасадым. Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Барымды салдым, бұйырмады», дейді Серік Теміржанов.
Айта кетелік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) Токио Олимпиадасымен қоштасты.