• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2021

Көк Төбе ауданындағы ең ірі автотұрақ бөлшектенді

414 рет
көрсетілді

Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Горновосточная көшесінің шығысы, Горная көшесі мекенжайы бойынша көлік тұрағы иесінің  жер пайдалану мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мерзімі аяқталғаннан кейін жер пайдаланушы жер қатынастары басқармасына оны ұзарту туралы өтініш берген, алайда бұл өтініш мақұлданған жоқ. ЖҚБ-дан тиісті хабарлама алып, біз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірдік. Сот шешімі бойынша қазіргі таңда автотұрақты бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде», деп хабарлады Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұрынғы автотұрақ шамамен 1,3 гектар мемлекеттік жерді иемденген.