• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2021

Атырауда 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды

512 рет
көрсетілді

Атырауда жолдың белгіленбеген тұсынан өткен 4 мыңнан астам жаяу жүргіншіге әкімшілік айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра одан тыс жерден өткен 4000-нан астам адам анықталған.

«Жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілерге арналған өткелін көре тұра тыс жерден өткен үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге айыппұл салынды. Ал жаяу жүргіншілерге жол бермеген 731 көлік жүргізушінің әрқайсысы аталған кодекстің 600-бабымен (Жаяу жургіншілерге арналған өткелінен жаяу жүргіншілерге жол бермеу) 29 170 теңге көлемінде айыппұл төледі. Жыл басынан бері жол бойында жаяу жүргінші қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 30 адам әртүрлі дене жарақатын алды» дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.