• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 30 Шілде, 2021

Букер сыйлығы кімге бұйырады?

342 рет
көрсетілді

Биылғы Букер сыйлығының лонг-тізімі жарияланды. Марапатқа ұсынылған 158 шығарманың 13-і іріктелген ұзын тізімге енді. Оның ішінде жақында ғана орыс тілінде жарыққа шыққан Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроның «Клара мен күн» романы бар.

 Ал қалғаны көбінесе нәсілдік мәселелерді қамтыған тарихи проза. Бұл жолғы авторлардың географиясы әртүрлі: АҚШ, Оңтүстік Африка, Канада, Шри-Ланка, Ұлыбритания елдерінен қатысқан. Номинанттардың толық тізімі сыйлықтың ресми сайтында тұр. 

Букер сыйлығының қысқа тізімі 14 қыркүйекте жарияланады. Ал 3 қарашада жеңімпаз анықталмақ. Лауреатқа 50 мың фунт (69 мың АҚШ доллары) сыйақы табысталады.

Айта кетейік, Букер сыйлығы 1968 жылы тағайындалған еді. 2014 жылдан бері кітабы Ұлы­британияда жарияланған кез келген ағылшынтілді жазушы қатыса алады. Ал бұрын бұл марапатты тек ұлыбританиялық, ирландиялық және Британ Достастығына кіретін елдердегі  авторлар алуға үмітті еді.