• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Шілде, 2021

Әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі инфекция ошағына айналуы мүмкін

427 рет
көрсетілді

БҰҰ COVID-19-дың таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде, ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекция ошағына айналуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланды.

«Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді. Аталған елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған», деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс.

Мьянманың Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттерімен ортақ шекарасы бар екенін атап өтілді.