• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2021

Семейде бала мен жануар қамаудан құтқарылды

508 рет
көрсетілді

Семей қаласының жедел-құтқару жасағы қызметкерлері бір күнде бала мен жануарды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 шілдеде Семей қаласында Сорокин көшесіндегі пәтерлердің бірінде кішкентай бала құлыптаулы қалды. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері баспалдақтың көмегімен пәтерге 2-ші қабаттың терезесінен кіріп, баланы қамақтан құтқарды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға қырағылық танытып, өз балаларын жалғыз қалдыру қауіпті екенін ескертеді.

Сол күні Өскемен қаласының тұрғыны құтқарушыларының көмегіне жүгінді. 

Машиностроительдер көшесінде сиыр люкке құлап кеткені анықталды. Оқиға орнына жеткен соң ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы арқан мен манипулятордың көмегімен жануарды жер астынан алып шықты.