Флорида штатындағы Серфсайд қаласындағы тұрғын үй апатынан 98 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.
Флорида штатындағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділер астынан 37 адам шығарылып, аман қалғандар табылмады.
7 шілдеде жергілікті билік құтқару операциясын тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін, апат болған жерде қайтыс болғандардың денелерін іздеу жұмыстары басталды.
Associated Press агенттігі зардап шеккендердің бірінің туыстарына сілтеме жасай отырып, үйінділердің астынан соңғы мәйіттің шығарылғаны белгілі болды. Осылайша, қайтыс болғандардың жалпы саны 98-ге жетті.