• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2021

Атырауда жол құрылысынан өрескел ақау анықталды

567 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірде жол құрылысын жүргізу кезінде 151 кемшілік анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашовтың мәліметінше, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын, әртүрлі сипаттағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, жол салуға қажетті материалдардың сапасын тексереді.

«Жыл басынна бері 63 нысанға бақылау жасалды. Жол құрылысын жүргізу жұмыстарына 417, қысқы маусымда жолдардың күтімін қадағалау үшін 18 рет тексеру ұйымдастырылды. Тексерулердің нәтижесінде 151 кемшілік анықталды. Оның ішінде 41 өрескел ақау бар. Жол құрылысына қажетті материалдардан 405 сынама алып, тексеру үшін филиал зертханасына жеткізілді. Зертханалық тексеру кезінде 60 сынаманың талапқа сәйкес еместігі расталды», дейді Бекбол Мұқашов.

Оның айтуынша, тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін жол құрылысына тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ұсыныс хат жолданған. Орталық мамандары анықталған ақаулардың уақытылы қалыпқа келтірілуін қатаң бақылауда ұстап отыр.