Токиода Олимпиада ойындарында бокстан ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин ширек финалға шықты.
Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Даисуке Наримацу болатын. Алайда, жапониялық боксшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Нәтижесінде, қазақстандық Зәкір Сафиуллин келесі айналымға өтті.