Құрманғазы ауданының Ресей Федерациясымен шекарасында орналасқан ауыл атауы өзгеруі мүмкін. Ауыл тұрғындары осыны қалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байда ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиевтың айтуынша, бұл мәселе тұрғындар жиынында тағы да қозғалды.
«Екі елдің шекарасындағы ауылымыз Котяев аталады. Тұрғындар арасында ауыл атауын өзгерту мәселесі көптен бері көтерiлiп келеді. Бірақ, бұл – бүгінге дейін шешімiн таппаған мәселенің бірі. Ауыл мен округтiң атауын өзгерту мәселесі қозғалған жиында ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салды», дейді Жүсіп Төреғалиев.
Әкімнің айтуынша, тұрғындар екі ұсыныс білдіріп отыр. Оның бiрiншici – Котяев атауын Бөкей хан деп өзгертiп, округтiң атауын бұрынғыша қалдыру. Екінші ұсыныста округке де, ауылға да қазақтың бiртуар тұлғасы Бөкей ханның атын беру айтылған.