• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 01 Тамыз, 2021

Бір салмақта үш қазақ күрескен-ді...

825 рет
көрсетілді

2008 жылы Бейжің Олимпиадасында бокстан Бақыт Сәрсекбаев алтын, Қанат Ислам қола жүлде алып, Алаштың  екі өрені биік тұғырда тұрғанда бойымызды ерекше қуаныш билеген еді. Токио төрінде де сондай тарихи сәт орын ала ма деп үміттенген болатынбыз. Өкінішке қарай, Мейрамбек Айнақұлов (Қазақстан), Елмұрат Тасмұратов (Өзбекстан) және Уәлихан Серік (Қытай) – үш қазақ балуаны жарыстың алғашқы күні жеңіліп қалды. 

Бар тілеуіміз – осы үш қазақ балуаны да биік мінберге шықса екен деп едік, әттең ондай тарихи сәт бұйырмады. Негізі үшеуінің де жүлде алатын мүмкіндігі бар еді. 60 кило салмақта белдескен біздің Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатының күміс (2017) және қола жүлдегері (2019), Өзбекстан атынан күрескен Елмұрат Тасмұратов – Рио Олимпиа­дасы­ның қола медаліне ие болған, әлем чемпионатының үш дүркін жүл­дегері және Азияның бес дүркін жеңімпазы атанған балуа­н.

Ал миллиардтың арасынан жұлқынып шыққан Қытайдың үздігі Уәлихан Серік (Сайликке) әлем чемпионатының қола жүл­дегері. Уәлихан Серікке әлі де жүлде алуға мүмкіндік бар. Ол екінші айналымда жапон балуанымен күресіп, төрешілер болмашы ұпаймен жеңісті жапондыққа беріп жіберді. Ал өз кезегінде жапон балуаны финалға шықса, Уәлихан қола медаль үшін таласқа түседі.

Пандемияға байланысты бізге спортшылармен сөйлесуге бол­майды. Тіпті өзге елдің спорт­шыларына да сұрақ қоя алмай­сың. Соған қарамастан белде­суден кейін жүгіріп жүріп Уәлиханға сұрақ қойып үлгер­дік. «Уа­ға­лейкүмассалам, қуаныш­тымын аға. Аға, мен жеңілген жоқпын, барлығын өздеріңіз көрдіңіздер ғой», деді балуан спортшылар жайғасатын жерге бара жатып.