• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2021

Қостанайда ХҚКО бес күндік жұмыс аптасына көшті

183 рет
көрсетілді

Облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен сенбі күндері өңірдегі ХҚКО-лар жұмыс істемейтін болды. Тек дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00 аралығында қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мұны халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне баруды жоспарлаған азаматтар, әсіресе кезекке міндетті түрде алдын ала тапсырыс берген азаматтардың ескергені жөн.

Қостанай (1,2,3 бөлімдер мен мамандандырылған ХҚКО), Рудный және Тобыл қаласындағы ХҚКО-лар алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді.

Кезекке 1414 бірыңғай байланыс орталығы, egov.kz электрондық үкімет порталы және Тelegram бот EgovBotKz2. 0. арқылы тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚКО-лар құжаттарды сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін ғана қабылдайды.

Дайын құжаттарды беру 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Кезекті брондау кезінде осыны ескерген жөн. ХҚКО барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтаңыздар, бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар. Ғимаратқа кіру Ashyq қосымшасы бойынша жүзеге асырылады», деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ облыстықфилиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.

 

Қостанай облысы